Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Офтальмолог көру қабілетін жақсартатын өнімдердің пайдасын жоққа шығарды

Сәбіз мен көкжидектің көру қабілетіне пайдалы деу - миф. Бұл өнімдер көру қабілетін сақтауға немесе қалпына келтіруге көмектеспейді, өйткені организм оларды белгілі бір дозада ғана сіңіре алады. Бұл туралы офтальмолог Вячеслав Куренков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Егер сіз бір килограмм сәбіз жесеңіз, оның барлығы пайдалы деген сөз емес. Дене қажет болғанша қабылдайды, мысалы, күніне 15 микрограмм болады, ал қалғанының бәрі ас қорыту жүйесі арқылы шығады", - деді дәрігер.

Куренковтың айтуынша, мұндай мәселелерде маманға сеніп, тексеруден өткен дұрыс. Қалыпты көру кезінде дәрігерге жылына бір рет бару жеткілікті. Көру қабілетін қалыпты күйде ұстау үшін дұрыс тамақтануды сақтау керек. Жұмыс пен демалудың қалыпты уақытын құру керек, сонымен қатар таза ауада дене шынықтырумен айналысу керек. Көру проблемалары туындаған жағдайда тек жеке дәрігер жеке ұсыныстар бере алады.

Жанна Мәлік
Бейсенбі, 13 Мамыр, 2021 17:03
Талқылау