Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Коронавирусты қалай емдеу керек? Ресейлік дәрігер дұрыс ем шаралары туралы

Ресей Ғылым академиясының (РҒА) корреспондент-мүшесі, ММУ профессоры Симон Теймуразович Мацкеплишвили Instagram-да Бейбіт Әлібековтың парақшасындағы тікелей эфирдегі екі сағаттық сұхбатында коронавирусты қалай емдеу керектігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мацкеплишвили

Мацкеплишвили - жоғары санатты дәрігер, медицина ғылымдарының докторы. Ол ММУ медициналық орталығының коронавирусты емдеу хаттамасының авторы.

Мацкеплишвили өзі әзірлеген хаттамада қолданылатын препараттарды атады, сондай-ақ олар қандай жағдайларда тағайындалатынын егжей-тегжейлі сипаттады.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Beibit Alibekov (@alibekovkz) on

 

Профессор ұсынған хаттама тек екі беттен тұрады.

"Біздің хаттама нақты, өте қарапайым. Онда аз жанама әсерлері бар қарапайым, қол жетімді препараттар бар.  Бұл терапияны барлық жерде қолдануға болады. Ол үлкен қаржылық шығындарды қажет етпейді", - деп сендірді ресейлік дәрігер.

Кардиолог коронавирусқа қарсы емдеу хаттамалары негізделген терапиялар жайлы түсінік берді. 

"Ең алғашқы емдеу хаттамалары вирусқа қарсы және антикагулянты терапияны қарастырмайды. Алғашында біз емдеу хаттамаларының дәрменсіздігін байқап, вирусқа қарсы терапияны қолданбаймыз деп шештік. Мұны естіген жұрттың абдырап қалғаны белгілі. Өйткені халық дәрігерлер вирусқа қарсы терапия қолданбаса, коронавирусты емдей алмайды деп ойлайды. Алайда біз патогенетикалық терапияны қолдануды шештік. Яғни бұл дегеніміз вирусты емес, инфекцияның салдарынан асқынған дене мүшелерін емдеуді қарастырады. Бұған қоса аталмыш емдеу хаттамасында міндетті түрде антикагулянтты емдеу терапиясы қолданылу керек. Кейіннен бұл терапия коронавирусқа қарсы емнің іргетасы екенін білдік", - дейді ресейлік маман.

Бұған қоса ол аталмыш хаттама аясында түрлі препараттар қолданылатынын айтады айтады.

"Біріншісі стероидты емес қабынуға қарсы препараттар. Өкінішке орай, пандемия басталған кезде мұндай дәрілердің маңыздылығы ескерілмей қалған еді. Мәселен ибупрофенді алып қарайық. Ең алғашында, бұл препараттың орнына парацетамолды қолдану ұсынылды. Ал ибупрофен ауырсынуды басатын қасиетке ие.

Екіншісі стероидты препараттар, атап айтсақ, дексаметазон. Біз бұларды да әу бастан қолданып келдік. Кейін келе препараттардың өлім деңгейін төмендететінін білдік. Тағы бір қолдануға болатын препарат калхицин деп аталады. Дәрігерлер, әсіресе, кардиологтар аталмыш дәріні жиі қолданады. Осылайша біз қабыну мен қан тамырлар жолдарында тромбтардың түзілуінің алдын алдық. Ал өз кезегінде науқастың жағдайының асқынуына осылар себепші болады", - дейді Мацкеплишвили.

ММУ медициналық орталығының коронавирусты емдеу хаттамасының мәтінін Әлібеков өзінің Telegram-арнасында жариялады.

Талқылау