Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік губернатор қазақ Аман Төлеев өмірден өтті

Ресейдің Кемерово облысының бұрынғы губернаторы Аман Төлеев қайтыс болды. Бұл жөнінде Ресей облысының қазіргі басшысы Сергей Цивилев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аман Толеев

“1997 – 2018 жылдар аралығында Кемерово облысының губернаторы болған, бар өмірін Кузбасс пен Ресейге қызмет етуге арнаған жарқын, ерекше тұлға Аман Гумирұлы Төлеев дүниеден өтті. Бұл өте ауыр қаза”, – деп жазды Цивилев дүйсенбіде.

Оның айтуынша, облыс өміріндегі тұтас бір дәуір Төлеевпен байланысты болған.



“Ол Транссібір темір жолындағы кеншілер рельске отырып,  көлік қозғалысын бөгеген қиын-қыстау кезеңде оны басқарып, дағдарыстан алып шықты. Кузбастықтар Аман Төлеевті өз қызметінде әрқашан халық мүддесін бірінші орынға қоятын нағыз халықтың губернаторы ретінде еске алады. Аман Гумировичтің жарқын жүзі мәңгі есімізде”, – деді Цивилев.

Аман Төлеев (Амангелді Молдағазыұлы Төлеев) 1944 жылы Красноводск қаласында (Түркімен КСР) ұлты Адай руының Балықшы руынан шыққан қазақ Молдағазы Төлеевтің отбасында дүниеге келген. Төлеевтің атасы Қолдыбай алашордалық болған, азамат соғысында қаза тапқан. Аман Төлеев кезінде ТМД елдерімен ынтымақтастық министрі болса, 1997 жылдың жазынан 2018 жылға дейін Кемерово облысының губернаторы қызметін атқарған.

Талқылау