Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік БАҚ қазақстандық футболшының соққысына қайран қалды (видео)

Қазақстан футбол құрама командасының ойыншысы соққан голы ресейлік БАҚ-та қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Астана» командысының футболшысы Юрий Логвиненко қазақстандық премьер-лиганың 25-туры кезінде көкшетаулық «Оқжетпес» командасына қарсы соққан голымен көзге түсті. Астаналық қорғаушы артқа қарай құлап бара жатқан қалпы допты секіріп теуіп, қақпаға дәл соққан. Артынша бұл жалғыз гол оның командасын  жеңіске әкелді. 

Аталмыш соққы ресейлік БАҚ-та қызу талқыланды. Орыс журналистері қазақстандық ойыншының 2011 жылы «Манчестер Юнайтед» тобының ойыншысы Уэйн Рунидың тарихи соққысын қайталағанына қайран қалып, жарыса жазып жатыр. 


 
STAN.KZ
Бейсенбі, 31 Қазан, 2019 09:50
Талқылау