Анасы баласының мойнына ит шылбырын байлап серуендеген
Ресейдің Ростов ауданында әйел өзінің ұлының мойнына итке арналған шылбыр тағып серуендеді.
Күн сайын бүкіл әлемде бала тәрбиесіне қатысты жаңа әдіснамалар ұсынылып, кітаптар жарық көруде. Одан бөлек психолог және терапевт мамандар бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ел ортасында білдіріп жүр.
Соған қарамастан, әлі де бағзы замандарда қолданылған тәрбие құралдарын пайдаланатындар да аз емес. Ресейдің Ростов ауданында әйел өзінің ұлының мойнына итке арналған шылбыр тағып серуендеді.
Оқиға өткен демалыста Новочеркасскта орын алды. Жергілікті тұрғындар баласын жаңа әдіспен тәрбиелеп жатқан анаға қайран қалды. Себебі Мәскеу көшесінде ұлын сүйрелеген әйел бұл қылығы үшін мүлдем қымсынбаған.
Болған оқиғаны қала тұрғындары қызу талқылауда. Олар безбүйрек ананың бұл қылығын қорлаушылыққа теңеді.
«Балаға қарғы мен тұмылдырық тағып қоймады ма тағы», – деп пікір білдірді ашынған куәгерлер. Кейбіреулер онда тұрған еш әбестіктің жоқтығын айтып әйелді ақтап алуға тырысқан. Айтуларынша, бүгінде балалардың қауіпсіздігі үшін түрлі белбеулер мен делбелер қолданылады екен.
Бұл Новочеркасскта орын алған алғашқы оқиға емес. Бұған дейін әжесі немересіне шылбыр байлап, серуенге алып шыққан еді.
Жіберіп алмаңыз:
Баланың әкесі жаттығу жасап тұрған тәрбиеші әйелдің бөксесін камераға түсіріп тұрған (видео)
Мұғалім тәртіпсіз балалардың басын кесіп мектеп ауласына көміп тастауға уәде еткен
Сауд Арабиясында ер адам үйленгеннен кейін екі сағаттан соң ажырасуға өтініш білдірген
Ресейлік екі азамат жаңа танысқан бойжеткенді зорлап, соңынан оны жеп қойған