Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әйел баласының әкесін Қазақстаннан іздеп жүр

Ресей азаматы Наталья Алексеева Қазақстаннан ұлының әкесін іздеп жүр. Әйел ер адамды 30 жылдан бері көрмеген. Тіпті ол өзінің ересек ұлы бар екенін де білмейді дейді , деп хабарлайды Stan.kz ақпарата агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

әйел

Наталья Алексеева Воронежден Қазақстанға үш күн бұрын келген. Алайда іздеу жұмыстарын неден бастайтынын білмейді. Айтуынша, баласының әкесі қазақ, орта бойлы және Алматының тумасы. Жас кезінде Ресейге алма жеткізумен шұғылданған екен. Осылайша 1990 жылдың қыркүйегінде танысқан. 

Қазір ер адамның жасы, шамамен, 53-те. Әйел өзінің алғашқы махаббатын тауып, ұлымен таныстыруды қалайды. Алайда қазір ол қиын жағдайға тап болған. Қаржысы таусылып, түнейтін орынның да жоқ екенін айтады. 

"Оған менің өмірімде пайда болғаны үшін алғыс айтқым келеді. Біздің жолымыз екіге бөлінді, маған әдемі, ақылды ұл сыйлады. Тіпті отбасылы болса да, маған ақша да, көлік те керек емес. Жәй ғана ұлымның өз әкесін көргенін қалаймын", - деді Наталья Алексеева. 

Назархан Уән
Жұма, 22 Сәуір, 2022 08:53
Талқылау