Ресейлік әскерилер “Ислам мемлекетінің” көсемін өлтіріп тастады
Ресейдің қорғаныс министрлігі “Ислам мемлекеті” экстремистік тобының жетекшісі ресейлік әуе соққысынан қаза тапты деген мәлімдеме таратты.
Министрлік дерегі бойынша, Әбу Бәкір әл Бағдади мамыр айының соңында Ракка қаласының оңтүстігіндегі үйде әуе соққысы салдарынан мерт болды.
Сирияның солтүстігіндегі бұл қаланы экстремистік топтың басқару штабы деп атайды.
“Ислам мемлекетінің” жетекшісі делінетін адамның қазасы туралы бұған дейін баспасөзде бірнеше мәрте хабарланған. Бірақ, ол ақпаратты кейін жоққа шығарып келді. Соңғы мәрте ИМ жетекшісінің өлімі туралы мәлімет өткен аптада жарияланды. Алайда, осы уақытқа дейін әскери мекемелер мұндай мәлімдеме таратпаған еді.
Қорғаныс министрлігінің хабарламасында әл Бағдадидің қазасы туралы мәлімет тексеріліп жатқаны жазылған.
Әл Бағдади “Ислам мемлекеті” тобын 2014 жылы маусымда басқара бастады. Экстремистер Сирия мен Ирактың үлкен бөлігін жаулап алып, ықпалын арттыруға тырысты. Ұйымды адамзатқа қарсы жасалған көптеген қылмысы үшін айыптап отыр.
“Ислам мемлекеті” делінетін топпен АҚШ басқаруындағы халықаралық коалиция да күресіп келеді. 2015 жылы қыркүйекте Ресей Сириядағы әскери операциясын бастады. Кремль оны исламшылдармен күрес деп атады.
Тағы да оқыңыз:
Елизавета II ханшайымның құрметіне ұйымдастырылған шеру кезінде әскери ес-түссіз құлап түсті (видео)
Дәрігер ауруханаға түскен әйелді зорлап тастады
Әйел 8 жасар қызын бөгде ер адаммен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген