Соңғы жаңалықтар

Ресейлік әскери дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 инфекциясымен күресуге келеді

Ресейлік әскери дәрігерлер Қазақстанға коронавируспен күресуге келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ресей Федерациясы қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, медициналық техникалар мен қорғаныс құралдары да республикаға жеткізілді.

"4 тамызда ресейлік әскери дәрігерлер жаңа әскери коронавирустық инфекциямен күресте қазақстандық әскери дәрігерлерге практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін Чкаловский аэродромынан (Мәскеу облысы) Қазақстан Республикасына жіберілді", - делінген министрліктің хабарламасында.

Министрліктің мәліметінше, ресейлік мамандар Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы екі әскери госпитальға көмек көрсетеді.

"Медициналық бөлімдерге әскери анестезиолог-реаниматологтар, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар және терапевттер кіреді, олар COVID-19 бар науқастарды диагностикалау мен емдеуде кеңестер береді және практикалық көмек көрсетеді", -  дейді министрлік. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанға коронавируспен күресуге келген ресейлік дәрігерлер елдеріне оралды.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр