Ресейлік әнші Баста Air Astana ұшағының ақауына байланысты Ташкенттегі концертін кейінге шегерді

Баста лақап атымен танымал ресейлік әнші Василия Вакуленконың 15 ақпанда Ташкентте өтуге тиіс концерті Air Astana ұшағындағы техникалық ақауға байланысты өтпей қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнерпаз 14 ақпанда Алматыда концерт беріп, келесі күні Өзбекстан астанасына ұшып шыққан. Ол жергілікті уақытпен сағат 19:00-де “Юнусабад” спорт кешенінің сахнасына шығуға тиіс еді. Алайда Ташкентке жақындағанда ұшақ кері бұрылып, Алматыға қайтарылған.
Рейстің уақыты ауыстырылғанына қарамастан, жолаушылар сол күші кешке Ташкентке жеткізілгенімен, концертті басқа күнге ауыстыруға тура келген. Рэпер жанкүйерлерінен кешірім сұрап, видеоүндеу жариялады.
“Өкінішке қарай, Алматыдан ұшып шыққаннан кейін Ташкентке жақындағанда ұшағымызды кері бұрып, қайтадан Алматыға оралдық. Қазір мен Алматыдан Бішкекке бара жатырмын, онда концертіміз бар”, – деді рэпер.
Оқиғаға байланысты әртіс бағытын шұғыл өзгертуге мәжбүр болған.
“Концертті сейсенбіге, 17 ақпанға ауыстырамыз, өйткені басқа жағдайда сіздерге, өкінішке қарай, жете алмаймыз. Түсіністік танытасыздар деп үміттенемін және концерттегі кездесуіміз жоғары деңгейде өтеді деп сенемін. Маған байланысты емес себептерге байланысты қазір басқа жолмен қозғалуға тура келді, 17 ақпанға ауыстырылған концертке сіздерге жету үшін логистиканы шұғыл өзгерттік. Түсіністік танытасыздар деп сенемін. Баршаңызды құшақтаймын”, – деді Баста.
Өнерпаз 16 ақпанда Бішкекте концерт беріп, 17 ақпанда Ташкентте өнер көрсетеді.
Ұлттық әуе тасымалдаушысының өкілдері ақпаратты растап, оқиғаның мән-жайды түсіндірді.
“КС 127 Алматы–Ташкент рейсі техникалық себепке байланысты әуеде кері қайтты. Ұшақ 15 ақпан күні сағат 14:37-де штаттық режимде қонды. Әуе кемесі ауыстырылып, сағат 18:46-да межелі пунктке қайта ұшты. Терминалда күту кезінде жолаушыларға сэндвичтер мен сусындар ұсынылды”, – деп хабарлады Air Astana баспасөз қызметі.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр