AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейге салынған санкция салдарынан елде бірқатар өнімдер тапшы болуы мүмкін - Сарапшы

Сарапшы Ресейге салынған санкция салдарынан елде қанттан бөлек өзге де тауарлар тапшы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Экономист Мақсат Халықтың сөзінше, Қазақстан азық-түліктен бөлек гигиеналық тауарларды да көрші Ресейден алады. Ал кәсіпорындардың жаппай Ресей аумағынан кетуі салдарынан елде тұрмыстық химия тапшылығы туындауы мүмкін екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. 

мақсат халық

Мақсат Халық қазірдің өзінде тұрмыстық химияның бағасы шарықтап кеткенін айтады. 

"Бұл уақытқа дейін гигиеналық және тұрмыстық химия тауарларын Ресейден тасымалдадық. Алайда компаниялар Ресейдегі зауыттарын жапқандықтан, қазір бұл өнімдер бізге жетпей отыр. Бүгінде химиялық тауарлардың бағасы қымбаттап кеткенін көріп отырмыз. Бұлар әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қатарына кіреді. Алдағы уақытта аталған тауарларды логистика тізбегі арқылы өзге мемлекеттерден жеткізуді қамтамасыз еткенше, кей өнімдердің тапшылығы байқалатын болады", – деді сарапшы. 

Сарапшының пікірінше, қантқа байланысты жағдайдың бірден тұрақталуы қиын мәселе.

"Өйткені біз қанттың 50%-дан астамын Ресейден алып отырғанбыз. Сондықтан мұндай өндірісті бір жылдың ішінде жолға қою қиын. Қазір үкімет жанында осы мәселені шешу үшін штаб құрылған. Ал басқа елдерден қантты алып келу үшін бұл тауарлар Еуразия экономикалық одақтың техникалық талаптарына сай келуі керек екен. Демек, Еуразиялық одақ осы жерде тағы кедергі келтіріп тұр. Қантты не Ресейден, не өзге елден әкеле алмай отырмыз", – деді Мақсат Халық. 

Экономист қазіргі уақытта дағдарысқа қарсы штабтың жұмысын көрінбейтінін де қосып өтті. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр