Ресейдің тағы екі қаласында наразылық шеруі өтті
Хабаровск пен Владивостокта келісілмеген наразылық акциялары өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Облыстық ішкі саясат басқармасының хабарлауынша, Владивостоктың орталығында келісілмеген митингіге 60-қа жуық адам қатысты.
Полиция наразылыққа шыққандарды ұстады. Ешқандай ұрыс-керіс немесе қақтығыс болмаған.
Кеше Самара облысында 23 қаңтардағы келісілмеген митингіден кейін қылмыстық іс жүргізу басталды. Sotavision басылымының журналисі Екатерина Ищенко ұсталды. Артынша ол босатылғаны хабарланды.
- Ресейде рұқсат етілмеген митингіге 4 мыңнан астам адам келді
- Ресейде Навальныйды қолдау үшін акцияға шыққандарды қауіпсіздік қызметкерлері күштеп ұстап жатыр
Сондай-ақ, "Новая газета" мен "Дальневосточный ведомости" газетінің журналисі Валерия Федоренко да құрықталған еді. Бірақ ол көп ұзамай босатылды.
23 қаңтарда Ресейдің қалаларында осындай келісілмеген митингтер болып өтті. Нәтижесінде заңсыз шеруге шыққандар ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.
Оған қоса, бүгін екі ер адам Мәскеудегі Чистые Пруды метро станциясының маңында ұсталды.
Олар полицияға ешқандай қарсылық көрсетпеді. Ер адамдардың бірі жеке заттарын тексергеннен кейін ұсталды. Ұстаулар әлі де жалғасуда.