Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің футбол командалары енді Орталық Азия турнирінде ойнайтын болды

Ресейдің футбол құрамасы Орталық Азия ассоциациясының (CAFA) ерлер чемпионатында Ауғанстан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан командаларымен бірге ойнайтын болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Тәжікстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеген.

Россия футбол

Тәжік футбол федерациясының баспасөз хатшысы Фаридун Салиевтің ресейлік "Матч ТВ" арнасына берген сұхбатында турнир қорытындылары ФИФА рейтингіне жазылатынын айтқан. Турнир шамамен маусым айында Ташкент пен Бішкекте өтіледі деп күтілуде.

Иран бастамасымен құрылған CAFA ұйымының президенті – Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомали.

applewin

Ресей Украинаға жаппай басып кіргелі бұл команда ресми турнирге алғаш қатысқалы отыр. Осыдан кейін Еуропа құрама командалары Ресей командаларымен ойнаудан бас тартқан. Ресей командасы әлем чемпионатынан шеттетілген. 

Бұған дейін Ресей футбол одағы УЕФА-дан Азия футбол федерациясына ауысу мүмкіндігін қарастыратынын мәлімдеген. Түпкілікті шешімді 31 наурызда қабылдайды. Азия турниріне ауысатын болса, Ресей құрамасының халықаралық жарыстарға қатысуына жол ашылуы мүмкін. Алайда Ресей клубтары Еуропа кубогы мен Чемпиондар лигасының ойындарына қатыса алмайды.

Талқылау