Ресейдің бірнеше қаласындағы әуежайларда ұшуға шектеу енгізілді
Ресейдің бірнеше қаласындағы әуежайларда ұшуға шектеулер енгізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РБК басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Пенза, Саранск, Саратов, Ульяновск және Қазан әуежайларында рейстер тоқтатылған.
Басылымның мәліметінше, шектеулер украиналық әскери дрондардың шабуылына байланысты енгізілген.
-
Ақтаудағы ұшақ апатынан соң бес ел Ресейге баратын рейстерді тоқтатты
-
Қазақстан елшілігі Ресейге баратын қазақстандықтарға ескерту жасады
"Ресейдің қорғаныс министрлігі сәрсенбі күні кешке екі рет ел аумағында: Ростов, Воронеж, Белгород, Тула, Орел, Курск және Брянск облыстарының үстінде ұшқышсыз ұшақтардың жойылғанын хабарлады", – делінген ақпаратта.
Еске салсақ, бұған дейін “Росавиация” басшысы Ресейдің Грозный қаласына қона алмай Ақтау маңында құлаған ұшақ апаты кезінде де украиналық дрондардың шабуылына байланысты Грозный аспаны жабылғанын мәлімдеген еді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты