Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің атынан ойнап жүрген қазақстандық шахматшы қыздың басы дауға қалды

Шахматтан Ресейдің атынын ойын көрсетіп жүрген 13 жасар қазақстандық қыз Бибісара Асаубаеваның басы дауға қалды. Оған ресейлік шахмат жаттықтырушысы жарыс кезінде алаяқтық жасады деген айып таққан.

Бұл туралы осы істе Бибісараға көмектескен, Ресейдің танымал адвокаты Александр Добровинский Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

2017 жылдың қыркүйегінде Ресей шахмат федерациясының жаттықтырушысы Соложенкин Бибісараға маңызды жарыс кезінде ойында телефон пайдаланды, дәретханға шығып гроссмейстерлердің бірімен сөйлесіп, көмек алды деген айып тағып, мақала жариялаған.

Адвокат шахматшымен болған даудың басынан аяғына дейін түсіндіріп жазған.

“Ресей шахмат федерациясының жаттықтырушысы және жас шахматшы Лиза Соложенкинааның әкесі  Соложенкин Е.А шахмат жұлдызына айналып бара жатқан Бибісараны байқап, өзінің қызын танымал еткісі келді. Сол үшін ол Бибісараға қарсы айла ойлап тапты.

Өткен жылы күзде әлем чемпионатынан кейін Соложенкин мақала жариялады. Онда Бибісара Асаубаева Ресейдің атынан шығып алып, жарыста қылмыс жасады деп жазған. Электронды көмек алып, гроссмейстерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесті деген”, -деп жазған адвокат.

Оның айтуынша, жарысты ұйымдастырушылар ешқандай құқық бұзушылық көрмеген.

“Жарысқа металды құралдар алып кіру мүмкін емес. Ойын алдында оны мұқият тексерді. Мұндай жағдайда бала емес ересек адамның жүйкесі шыдай алмайды. Қатты қысым көрсетілген ойында Бибісара екінші орын алып қалды. Сонда да рейтингте Лиза Соложенкинаны басып озды. Осыдан кейін дау ушыға түсті”, -деді ол.

Осы даудан кейін Асаубаеваға АҚШ-тың атынан ойнауға ұсыныстар түсе бастады.  Бірақ, қыздың ата-анасы Ресейде қалып, дауды соңына дейін апаруды жөн санады.

Адвокаттың жазуынша, 2018 жылдың 25 қаңтарында талап арыз берілген. Бибісара Асаубаева Ресейде қалған. Осы іске қатысты барлық шығынды заңгер Марина Дубровская мен адвокат  Александр Добровинский өз міндеттеріне алды.

Тағы оқыңыз:

Ерлан Біләлдан 670 мың теңгені қайтару талап етілді

Дәрігерлер жыныс мүшесі кесілген жігіттің денсаулығы қалай болатынын айтты

Қоғамдық жиында микрофон үшін төбелес шығарған шымкенттіктер елді дүрліктірді

Өзге ұлтпен қол ұстасқан қазақ қыздарымен күресуші азамат: Ертең мені қамаса, жезөкшелер қаптайды

Талқылау