Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдің арнайы ұшақтары Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Тоқаев мінген ұшақты қоршап ұшты

Тоқаев мінген ұшақ

Фото: Ақордадан 

Ресейдің арнайы ұшақтары мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Президент Тоқаев мінген ұшақты сүйемелдеп ұшты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ақорда әуе кеңістігіндегі видеолармен бөлісті. Онда Тоқаев мінген ұшақты бірнеше әскери ұшақ қоршап келе жатқанын көруге болады.

“Мемлекеттік шекарадан өткен сәттен Мәскеу әуежайына қонғанға дейін Ресейдің әуе кеңістігінде Қазақстан Президентінің бортымен бірге РФ Қорғаныс министрлігінің Су-35 ұшақтары қапталдасып ұшты”, – делінген хабарламада. 



Бұл жолы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына дайындыққа байланысты Мәскеу Қазақстанның мемлекеттік туымен безендірілді.  

“Біздің туымыздың түсіне боялған қаланың негізгі көрнекті орындарының бірі –  Останкин телемұнарасы болды. Ресей астанасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына дайындалуда”,  – делінген Ақорда хабарламасында.

Еске салсақ, Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барғаны туралы хабарлаған едік. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 11 Қараша, 2025 16:16
Талқылау