Ресейдің 720 азаматына заңсыз жолмен ЖСН берілген
Фото: gov4c.kz
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" Ресейдің 720 азаматына жеке сәйкестендіру нөмірін заңсыз берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" ҚАҚ-ң филиалы (бұдан әрі-Филиал) Заң талаптарына қайшы, шетелдіктерге олардың Қазақстан Республикасының аумағында болмай жеке сәйкестендіру нөмірлерін алу туралы 720 өтініштерін рәсімдеген", - делінген Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы таратқан ақпаратта.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес кінәлілер заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, берілген жеке сәйкестендіру нөмірлерінің күшін жою шаралары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде қадағалау органының материалдары бойынша Петропавл қаласының және М.Жұмабаев ауданының полиция органдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 206-бабы 2-бөлігі "Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулерді бастады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауында.

"Қылмыстық істен айналып өтетін жолды тапқан": 50-ге жуық қазақстандық белгілі блогерден ақшаларын қайтара алмай жүр
