Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Ресейдегі теракт туралы Путинмен сөйлесті

Мемлекет басшысы Ресей президентімен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеу облысындағы лаңкестік әрекет салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты қазақстандықтардың атынан Владимир Путинге және бауырлас Ресей халқына қайғырып көңіл айтты.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылықты қатаң айыптайтынын, терроризмге қарсы күресте Ресеймен бірге екенін тағы да растады.

Өз кезегінде Владимир Путин қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Еске сала кетсек, 22 наурызда Мәскеудегі "Крокус Сити Холлға" концерт кезінде террорлық шабуыл жасалып, ғимарат өртке оранды. Салдарынан көз жұмғандар саны 143-ке жеткен. Террористер ғимаратта 18 минут болған. 

  • Сағат 19.55-те "Крокус" ғимаратының алдына "Рено Симбол" тоқтап, ішінен автомат асынған террористер шығып, ғимаратқа қарай жүгіріп, адамдарға оқ жаудырып, күхетшілерді атып тастаған. 
  • 20:03-ке таман террористер концерт залының көрермендер отырған залына кіріп, алдынан шыққан адамдарды атып, креслоларды өртей бастайды. Шабуыл жасаған адамдарда бензин болған. 
  • Террористерден қашып құтылған адамдар терезелерді сындырып, ғимараттан қаша бастаған. 
  • 20:13-те ақ "Рено Симбол" мінген төрт қаскөй "Крокустың" көлік тұрағынан кете бастаған. 

Бүгін Федералдық қауіпсіздік қызметінің 11 адамды, оның ішінде "Крокус Сити холлда" болған 4 террористің ұстағаны белгілі болды.

Талқылау