Ресейдегі Қырым көпірінде жарылыс болды: Аймақта көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ресейдегі Қырым көпірінде жанармай цистернасының жарылуына байланысты вагондар мен пойыздар қозғалысы тоқтады. Желіде жарияланған суреттерден өрттің теміржол бойында болғанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, 8 қазан күні сағат 06:00 шамасында Таман-Керчь бағытында келе жатқан жүк пойызының вагондарының бірі өртенген. Кейін өрт басқа цистерналарға тараған.
Қырым басшысының кеңесшісі Олег Крючковтың айтуынша, Қырым көпірінің кеме жүретін аркалары бүлінбеген.
“Бөліктердің бірінде жанармай цистернасы жанып жатқаны мәлім. Кеме жүретін аркалары аман. Оқиғаның себептері мен салдары туралы айту әлі ерте. Өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр”, - деді Крючков.
Оқиға орнында жол қызметі мен Төтенше жағдайлар министрлігі жұмыс істеп жатыр. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
- Әлем Кариб теңізі дағдарысынан бері алғаш рет ядролық қаруды қолдану қаупіне тап болды – Байден
- Мобилизация жарияланғалы қазақ тілін үйрене бастаған ресейліктердің саны күрт артты - Тіл орталығы жетекшісі
- "Ресей қашан ядролық қару қолданады деп күте алмаймыз": Зеленский НАТО-ны Ресейге алдын ала соққы жасауға шақырды
Апат салдарынан көпірдің автокөлік бөлігінің аралығы опырылып түскен.
Көпірдегі цистернаның өртеніп кетуіне байланысты Керчь бұғазындағы кеме қатынасы тоқтаған жоқ, деп хабарлайды Росморречфлот.
Ресейлік БАҚ Керчь қаласында Қырым көпіріне жете алмайтын көліктердің жүргізушілері мен жолаушыларына суы мен дәретханасы бар автотұрақ ұйымдастырылғанын жазады,
Аймақ билігі жеңіл көліктер үшін паром өткелін ұйымдастырмақ.
Қырым көпірі Ресейдегі ең ұзын көпір, оның ұзындығы 19 шақырым. Автокөлік бөлігі 2018 жылдың мамыр айында пайдалануға берілді. Ал 2019 жылдың желтоқсан айында теміржол учаскесінің бойымен алғашқы пойыздар легі өткен.