AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейдегі ең қауіпті қылмыстық топтың көшбасшысы Қарағандыда жасырынып жүруі мүмкін - БАҚ

Ресейдегі ең қауіпті қылмыстық топтың көшбасшысы Сергей Тимофеевтің (Сильвестер лақап атымен белгілі) қызы әкесінің Қарағандыда тұрып жатқанын мәлімдеді. Ресми ақпараттарға сәйкес Тимофеев 1994 жылы Мәскеуде көз жұмған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

сергей

Ореховск қылмыстық тобының ресми жетекшісі Сильвестердің көлігін Мәскеуде жарып жіберген. Алайда қызы әкесінің тірі екенін және Қазақстан аумағында жасырынып жүргеніне сенімді. 

"Сергей Тимофеев Ресейдегі қауіпті қылмыстық топты құрған және көшбасшысы болған. Япончик, Роспись, Отари Квантришвили мен Михась сынды қылмыс әлемінің серкелерімен дос болған. 1994 жылы 13 қыркүйекте Сильвестер отырған Mercedes 600 көлігін Мәскеу орталығында жарып жіберген. Телефоны 11 метрге ұшып кеткен, ал денені тек көлік салонында қалған визитка және тісіндегі пломбасы арқылы (тіс дәрігерінің ауызша түсініктемесі негізінде) таныған", – делінген хабарламада. 

28 жыл өткен соң Тимофеевтің қызы Карина Харламова полицияға жүгініп, Хованск зиратындағы мәйітті қайта қазып алуды талап еткен.

"Харламованың сөзінше, әкесі аман-есен, қазір ол Қарағанды қаласында. Ал зиратта басқа адам жерленген", – делінген Mash Telegram-арнасындағы жазбада. 

Ореховск ұйымдасқан қылмыстық тобы 1980-жылдардың ортасында пайда болып, 1988 жылға қарай толығымен құрылған. Топқа бұрынғы спортшылар қосылып, қылмыстық жол арқылы ақша табуды көздеген. 

Топ мүшелеріне қатысаты сот 2020 жылға дейін жалғасқан. Мәселе, 2020 жылдың 8 шілдесінде Александр Шарапов 1990-жылдары бес адамды өлтіргені үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. 

"Бригада" телехикаясының сценарийіне Ореховск ұйымдасқан қылмыстық тобының тарихы негіз етіп алынған. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр