Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде зауытта жарылыс болып, 16 адам қаза тапқан

22 қазан күні таңертең Ресейдің Рязань облысындағы "Эластик" компаниясының шеберханасында жарылыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

от рязань

Өрт оқ-дәрі сақталған шеберханада болған. Рязань облыстық Төтенше жағдайлар министрлігі от 160 м2 аумақты шарпып үлгергенін, қазіргі уақытта ашық жанған өрт сөндірілгенін мәлімдеді. Бірқабатты ғимарат толығымен қираған, құтқарушылар жұмысы жалғасуда. 

ТЖМ алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына технологиялық процестің бұзылуы себеп болған деп хабарлады. Бір немесе бірнеше адамның өліміне әкеп соққан өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жарылыс орын алған уақытта кәсіпорында 17 адам жұмыс істеген. Соңғы мәліметтер бойынша олардың 16-ы қаза тапқан. Олардың бірінің денесі 80% күйіп қалған, ол ауруханада көз жұмған.

Қайтыс болғандардың отбасыларына 1 млн рубльден беріледі (шамамен 6 млн теңге).

Зауыттың ғаламтордағы сайтында компанияның алты жыл бұрын банкрот болғанын және 2017 жылдан бері жұмыс істемейтіні көрсетілген. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, шеберхана жарылғыш заттарды өндірумен, сақтаумен және оқ-дәрілерді жоюмен айналысатын компанияға тиесілі.

Талқылау