Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Телефонын ваннаға түсіріп алған 13 жасар қыз қайтыс болды

Ресейдің Красноярск өлкесінде су толтырылған ваннаға телефонын түсіріп алған оқушыны тоқ соғып, қайтыс болды.

Ресейде 13 жасар қыз телефонын ваннаға түсіріп алып, көз жұмды

Бұл туралы Ресей тергеу комитеті хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Өткен бейсенбіде 13 жасар қыз тоқта қуатталып тұрған телефонын ұстап ваннаға түскен.  Алдын ала болжам бойынша, ол құрылғыны суға құлатып алған.

Жасөспірімнің анасы қызының айқай салған дауысын естіп, есікті қаққан. Бірақ кілттеулі тұрған ванна бөлмесінен ешкім жауап бермеген. Содан туыстары құлыпты бұзып ашқанда ваннада денесін электр тоғы соққан қызды тапқан.

«Ресей Федерациясының Краснояр өлкесіндегі тергеу комитетінің тергеу органдары 13 жасар қыздың ваннадағы өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады (Қылмыстық кодекстің 109-бабы 1-бөлімі)», – деп хабарлайды Ресей тергеу комитеті.

Бүгінде оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда.

Тағы оқыңыз: 

Ерлердің көзіне табиғи болып көрінетін қыздардың бояусыз деген түрі жалған болып шықты

Саңырау ит 16 сағат бойы 3 жасар қызды жылытып, аман алып қалды

Басына бес сантиметрлік кілт кіріп кеткен жігіт аман қалды

Талқылау