Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саңырау ит 16 сағат бойы 3 жасар қызды жылытып, аман алып қалды

Әлемде иттерден басқа адамға мейірімді жануар  жоқ шығар. Олар өз иелерін соншалықты жақсы көреді және олар үшін бәріне дайын. Австралияның Квинсленд қаласында үш жасар Аврора есімді бүлдіршін үйден алысқа ұзап, тауға көтеріліп кеткен. Бұл туралы TengriMIX хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Саңырау ит 16 сағат бойы 3 жасар қызды жылытып, аман алып қалды

Қыздың ата-анасы барлық ауыл аймағын іздестіріп, бірақ баланы еш жерден таба алмады. Келесі күні таңертең 100-ге жуық еріктілер, төтенше жағдайлар қызметі, полиция және жергілікті тұрғындар да үш жасар қызды іздеуге қосылды.

Іздеу кезінде Аврораның әжесі тауға көтеріліп, ол жерден 17 жастағы Максим есімді итін кездестірді. Үш жасар қыздың сол тауда жатқанына дәл осы ит белгі беріп, әжейді сол жерге ертіп келген екен.

Кейін құлағы саңырау және көзі аздап соқыр ит 16 сағат бойы бүлдіршіннің жанында болған. Ол Аврораны суық жаңбырдан қорғау үшін, оны денесімен жылытып жатқан. Үйінен адасып кеткен үш жасар қыз итінің арқасында аман қалды.

«Үйдің төңірегі өте таулы және жаяу жүру қиын. Бірақ үш жасар қыз итімен өте алысқа ұзап кеткен. Осындай жаңбырлы, суық ауа райында бүлдіршінді иті жылытып, аман алып қалған», – дейді офицер.

Температура 15 градустан төмен түскенде, Аврора үлкен тасқа жасырынып қалған екен. Ал ит болса оны түні бойы денесімен жылытып жатқан. Максимнің әрекетіне таңдандырған полиция оны салтанатты түрде полиция иті деп жариялады.

Саңырау ит 16 сағат бойы 3 жасар қызды жылытып, аман алып қалды

Жануарлардың мінез-құлқын зерттейтін профессор Пол Макгриввидің айтуынша, кәрі иттер адамдармен қарым-қатынасын жоғары бағалайды және Максим осы себептен қыздың жанында қалған. Сонымен қатар, ит бүлдіршіннің қиындыққа ұшырағанын сезген.

Тағы оқыңыз: 

Басына бес сантиметрлік кілт кіріп кеткен жігіт аман қалды

СІМ: Канадада зардап шеккендер арасында қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

Шымкенттегі өзіне қол салған мұғалімнің інісі де былтыр өзі секілді асылып қайтыс болған

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті

Талқылау