Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті

Ақтөбеде 4 адамды өрттен құтқарған әскери қызметшіге құрмет көрсетілді. 66\55 әскери бөлімінің қызметкері Рысқали Еңсепбаев жұмыстан қайтып келе жатып, екі қабатты тұрғын үйдің жалынға оранғанын көреді.

Көмек сұраған дауысты ести сала, үйге кіріп, өртеніп жатқан пәтердегі қарияны құтқарған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Одан соң тағы бір тұрғын мен екі сәбиді де жалын арасынан аман алып шыққан. Ескі үйдегі өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған екен. Ал бейбіт күннің батырына әріптестері мен өнер ұжымдары құрмет көрсетті. Әскери бөлім басшылығы екінші дәрежелі «Ұлттық Ұлан қызметінің үздігі» медалін табыс етті.

“Бір жігіт көмек сұрады, іште екі кішкентай балам бар, ішке түтін кіріп, тұншығуы мүмкін деп. Ішке подъезд арқылы кіруге мүмкіндік болмады. 2 этажға терезе арқылы өрмелеп, екі баланы түсірдік. Одан кейін сол екінші жақ бетінен бір әйел адам көмек сұрады. Сол кісінің жолдасы да келіп тұр екен жұмыстан, сол екеуміз сол адамды түсіріп алдық. Бұны еш уақытта ерлік деп санамаймын”, – дейді  № 66\55 әскери бөлімінің қызметкері Рысқали Еңсепбаев.

Тағы оқыңыз: 

Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)

ШҚО-да адам қағып өлтірген әкім орынбасарының ісінде тағы бір шенеуніктің аты аталды

Қуандық Бишімбаев абақтыда араб тілін үйреніп жатыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
25.05.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар