Шымкенттегі өзіне қол салған мұғалімнің інісі де былтыр өзі секілді асылып қайтыс болған
28 жастағы информатика пәнінен сабақ беретін азамат сенбі күні білім ошағының үшінші қабатында өз-өзіне қол салған болатын.

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
“Жақында анасының ауырып жатқанын, оны емханаға жатқызып емдегісі келетінін айтып жүрген. Ешқашан ақша жетпейді еп шағымданған емес”, – дейді әріптесі Роза Амрина.
Такирхан өз кабинетінде өзіне қол салған. Ол жерде бейнебақылау каерасы жоқ. Есік ашық күйінде қалған. Мұғалімнің асылып тұрғанын жоғарғы сынып оқушылары бірінші болып көріпті. Мұғалім ешқандай хат-хабар қалдырмаған.
Марқұмның туыстары тілшілерге сұхбат беруден бас тартты. Мектеп директоры, мұғалімнің інісі де былтыр асылып қайтыс болғанын айтты.
Бұған дейін мұғалім өліміне қатысты жаңа деректер айтылды.
Тағы оқыңыз:
Шымкентте әйелдерді сабауға арналған “жын шығаратын” қамшылар сатылып жатыр (видео)
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды
Тұрғын: "Ипотекамыз, екі кішкентай баламыз бар, болашағымызға алаңдаймын”
"Су тапшылығы болып, қала демала алмай қалады": Экологтар Көкжайлауда 650 миллиардқа салынатын тау кластері құрылысын тоқтатуды талап етті
Сөздерінше, құрылыс мұзды аймақтарға тікелей жақын орналасқан 3880 метр биікке салынады