Ресейде шұжық ішінен егеуқұйрықтың тырнағы табылды
Ресейде "Стародворские сосиски" Жабық акционерлік қоғамында "Сливушки" брендінің шұжықтарынан егеуқұйрықтың тырнағы табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Известия" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: News.ru
Ресейдің Курган облысындағы Роспотребнадзор департаментіне сапасыз өнімге шағым түсіп, Владимир облысындағы департаментке жіберілді. Қадағалау органы өнімді "техникалық регламент талаптарын бұзу" деп атады.
"Тексерулерге мораторий жағдайында кәсіпорындар өздерінің өндірістік объектілерінде бақылауды әлсіретеді. Оның салдары өнім сапасының төмендеуі мен адам денсаулығына зиян тигізетін әртүрлі оқиғалардың орын алуына алып келеді", – деді Роспотребнадзор жанындағы қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Олег Павлов.
Павлов бұл жағдай кәсіпорында қауіпсіздік ережелерінің дұрыс сақталмайтынын көрсетеді деді.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”