Ресейде шатырдағы қар жолда кетіп бара жатқан отбасының үстіне түскен (видео)
Ресейдің Рыбинск қаласында шатырға жиналған қар төменде өтіп бара жатқан отбасының үстіне түскен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 11 ақпанда Герцен көшесінде болған. Бұл кезде әкесі, анасы мен баласы балабақшадан үйлеріне қайтып келе жатқан.
Қардың түскен сәті көшедегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Қуанышқа орай құлаған қарда мұз болмаған. Бұлай болмаған жағдайда азаматтар ауыр жарақат алар еді деп жазды 76.ru басылымы.
Әлеуметтік желіде әйел баланы денесімен қорғаймын деп мойынын жарақаттағанын жазған.
Рыбинск қаласының шенеуніктері ғимарат иесінің қалада тұрмайтынын және дер кезінде шатырды қардан тазарту жұмыстарын жүргізбейтінін мәлімдеген.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”