Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде Пригожиннің жасаған әскери бүлігіне қатысты қылмыстық істің тоқтағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ресейде "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин ұйымдастырған қарулы бүлік фактісі бойынша қылмыстық істің тергеуі тоқтатылған жоқ, әлі жалғасып жатыр. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Путин - Пригожин

“25 маусымда кейбір БАҚ пен Telegram арналары ФСБ тергеушісінің бүлік туралы істі қозғау туралы шешімін заңды және негізді деп таныған Бас прокуратурада бұл шешімнің күшін жойып, осыған байланысты Пригожин мырзаны қылмыстық қудалау тоқтатылғаны жайында жазды. Алайда, "Коммерсант" газетінің дереккөзі қылмыстық іс қозғау туралы шешім әлі жойылмағанын және бүлікке қатысты тергеу жалғасып жатқанын айтты. "Коммерсант" дереккөзінің айтуынша, өзге де шешімдерді қабылдау үшін уақыт өте тапшы”, – делінген дүйсенбіде тараған ақпаратта.



Еске салайық, 24 маусымға қараған түні Пригожин Ресейдің ресми әскери басшылығын өздеріне шабуыл жасады деп айыптап, жалдамалы әскерлерін Мәскеуге қарсы қойған. Осыған байланысты бүлік ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Соңғы сәтте, ресми нұсқа бойынша, Беларусь президенті Александр Лукашенконың араға түсуімен Пригожин мәмілеге келіп, Ресей астанасына жақын қалған әскерін кері қайтарған. Осыған байланысты қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғаны туралы да айтылған еді.

Талқылау