Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде пойыз бен автобус соқтығысты: Қазақстандық жүргізуші жеті жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін

Саратов қаласының маңында жүк пойызымен соқтығысқан автобус жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы РФ-ның ішкі істер министрлігінен хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Ресейде пойыз бен автобус соқтығысты: Қазақстандық жүргізуші жеті жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін

Тергеу Ресей Федерациясының қылмыстық кодексінің 264-бабының 5-бөліміне яғни, жол ережесін бұзу және автокөлік құралдарын пайдалану бабы бойынша жүргізілуде. Бұл бап үш жылға дейінгі мерзімге жүргізуші куәлігінен айыра отырып бес жылға дейін мәжбүрлі еңбекке тартуды немесе жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Пойызбен соқтығысқан автобусты 61-жастағы қазақстандық азамат жүргізгені белгілі болды.

Қазір өлімге әкеп соққан апаттың барлық жағдайларын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, 17 қарашада Саратов ауданында, Қазақстанмен шекарасынан 15 шақырым жерде жолаушылар автобусы жүк пойызымен соқтығысы. Оқиға салдарынан бес жолаушы қаза тапты. Олар Өзбекстан азаматтары. Сондай-ақ, екі қазақстандық жүргізуші ауыр жағдайға ауруханаға жеткізілді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау