AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде орыс тілділерді ренжіткендерді елге кіргізуге тыйым салу ұсынылды

Ресей мемлекеттік Думасында орыс тілді адамдардың құқықтарын таптаған шет мемлекет азаматтарына елге кіруге тыйым салу мәселесі көтерілді. Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володин бірқатар депутаттың осындай ұсыныс айтқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Мұндай бастаманы ресейлік заң шығарушылар Қырғызстандағы бірқатар оқиғалардан кейін ұсынған. Онда спорт лагеріндегі сатушы қыз бен бала физикалық зорлық-зомбылыққа ұшырады. Ұрып-соғу мен мазақ етудің басты себебі – екеуінің орыс тілінде сөйлеуі болған.

"Депутаттар бұндай жағдайға қатысты шаралар қолдану керектігін айтады. Орыс тілді тұрғындарға қарсы осындай әрекеттерді жасауға мүмкіндік бергендердің Ресейге кіруіне тыйым салу ұсынылды", – деді Володин өзінің Telegram каналында.

Бұған дейін РФ президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі кеңестің (АҚК) халықаралық ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы Қырғызстандағы орыстарды қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге шақырған болатын.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр