Ресейде оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен Қазақстан азаматы ұсталды
Ер адамның оқушы қызбен қатынасы туралы басқа қылмыстық істі тергеу барысында анықталған.
Мәскеу түбінгегі Подольскіде жасөспірім қызбен ұзақ уақыт жыныстық қарым-қатынаста болғаны үшін Қазақстан азаматы қамауға алынды.
РФ ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 20 жастағы ер адам 2016 жылы қаңтар-ақпан айларында 14 жасар мектеп оқушысымен жыныстық қарым-қатынасқа түскен. Бұл қылмыс осы азаматқа қатысты басқа бір қылмыстық істің тергелуі барысында анықталды. Істің анық-қанығы белгілі болғанда, тергеушілер ер адамға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматты бірден қамауға алды.
Жіберіп алмаңыз:
8 наурызда қарағандылық анасын өлтіріп, өзі бесінші қабаттан секіріп кетті
Семейде мұз астына түсіп кеткен баланың денесі 3 күннен соң табылды
Талқылау