Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде оқушы қыз сабақ үстінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасады (видео)

Ресейдің Уфа қаласында оқушы қыз мемлекеттік бірыңғай емтиханға дайындау орталығында сабақ кезінде мұғаліміне сезімін білдіріп, ұсыныс жасаған, деп хабарлайды ГорОбзор.ру басылымына сілтеп Stan.kz.

Фото: Көрнекі сурет

Мұғаліміне ұсыныс жасаған оқушы қыздың әрекетін оқушылардың бірі видеоға түсіріп алып, YouTube-те жариялаған.

Қыз сыныптағы өзге оқушылардың алдында 25 жастағы мұғалімге сезімін білдіргісі келген.

«Көптен бері бір шешімге келе алмай жүрген едім. Бірақ бүгін төзімім шегіне жетті. Сізді, сіздің сөзіңіз бен ерекше дарындылығыңызды ұнатамын. Біз жақын араласа аламыз ба?», – деді тақта алдында тұрған оқушы қыз.

11 сынып оқушысы оқитын «Ньютон» МБЕ-ге дайындайтын орталықтың директоры  аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, мұғалім сабақ кезінде оқушы қыздың ұсынысына көңіл аудармай, онымен жеке сөйлесетінін айтқан.

«Мұғаліммен сөйлестім. Ол оқушы қызбен артық сөйлеспегенін айтты. Бірақ оқушы қыздың оны ұнатқаны байқалған. Ол мұғаліміне үй тапсырмасын сылтауратып жиі хабарлама жазып жүрген», – дейді орталық директоры Денис Матюшин.

Оның пікірінше, қыз қатарластарымен бәстесіп, бәс үшін сезімін білдірген болуы мүмкін. Сонымен қатар ол өзі қызмет атқарған екі жыл ішінде мұндай оқиға бірінші рет орын алғанын және бұл жағдайдың орталықтың беделіне кері әсері тигізбеуі керек екенін айтты.

«Былтыр өзім де сабақ бергенмін. Мұндай жағдайларды саралап отыратынмын. Яғни бастысы – оқу процесі, ал басқасы жұмысқа қатысты болмауы тиіс», – дейді Матюшин.

Оқи отырыңыз:

Ұлыбританияда көпшілік алдында жыныстық қатынасқа түсіп, мүгедекпен төбелескен әйел 13 айға сотталды

Аяз атаның бас киімін киіп, дорба арқалаған Барак Обама балаларды құттықтады (видео)

Таиландта банк қызметкері 13 мың жылға бас бостандығынан айырылды

Иранда соңғы сегіз жылда болмаған наразылық шерулері өтті (фото, видео)

Талқылау