Ресейде Лексус мінген қыз өрт сөндіру мен жедел жәрдем көлігін өткізбей қойды (фото)
Санкт-Петербургте Lexus маркалы көлік тізгіндеген қыз өрт сөндіру мен жедел жәрдем көлігін өткізбей қойды.
Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Оқиға 15 қаңтар күні болған. Lexus көлігінің рулінде отырған қыз, оқиға орынына асыққан өрт сөндіру мен жедел жәрдем көлігін жібермей қояды.
Оптиков көшесіндегі үйде баспалдақ алаңқайы жанып жатқан.
Қыздың кесірінен өрт сөндірушілер қосымша уақыт жұмсап, өрт шлангасын бүкіл аула арқылы тартқан.
Куәгерлердің айтуынша, қыз “бұл менің үйім емес, маған бәрібір” деп міз бақпаған. Қуанышқа орай, өрт дер уақытында сөндіріліпті.
Оқи отырыңыз:
Үндістанда мектеп директоры мен үш мұғалім 12 жастағы қызды асқан қатыгездікпен зорлаған
7 жасар қырғыз баласы бүкіл отбасынан айырылып қалғанын әлі білмейді
Әуе апаты: дәретханаға кеткен бала аман қалды, ал отбасы күлге айналды
13 жастағы оқушысынан жүкті болған мұғалім он жылға сотталды
Талқылау