Ресейде қазақстандықтарды тіркеу ережесі уақытша өзгереді
25 мамырдан бастап Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалаларында шетел азаматтарын тіркеу реті өзгереді. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, РФ Қазақстандағы елшілігіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, Ресейде 2018 жылдың 25 мамырынан 25 шілдесіне дейін футболдан Әлем чемпионаты өтеді.
25 мамырдан бастап аталған қалаларға (Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Сочи, Волгоград, Екатеринбург, Калининград, Нижний Новгород, Дондағы Ростов, Самара және Саранск қалалары) баратын Қазақстан азаматтары бір тәулік ішінде көші-қон жөніндегі жергілікті органда тіркелуге міндетті.
Ресейдің басқа өңірлерінде бұрынғы тәртіп сақталады. Яғни РФ-ға 30 күннен аз уақытқа барған Қазақстан азаматтары тіркелуге міндетті емес.
Қонақүйлерде, санаторийлерде, демалыс үйлері немесе басқа да уақытша орналасу орындарында уақытша тұратын Қазақстан азаматтарының тіркелуіне қабылдаушы тарап (қонақүй, санаторий, т.б. әкімшілігі) жауапты.
Тағы оқыңыз:
Білім және ғылым министрі: Мұғалімдер артық жұмыс істемеуі керек
Ақтөбеде әскери қызметкер жалдамалы жұмысшысын өлтірген
Ақтаулық бойжеткен «Қазақ аруы» атанды
Аружан Саин ОҚО-дағы балаға қатысты соңғы жаңалықтарды айтты