Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қазақстандық студентті зорлаған үш полицей сотталды

Ресейде полицейлер 22 жастағы қазақстандық студентті зорлағаны үшін сотталды. Бұл туралы зардап шеккен қыздың қорғаушысы Алексей Бушмаков айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

полиция

Қызметтік автокөлікте қазақстандық студент қызды зорлаған үш бұрынғы полицейге үкім жарияланды.

"Екатеринбургтің үш ППСП қызметкеріне Ленин аудандық соты зорлау және басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттері үшін айыптау үкімін шығарды: Мұстафин - 6 жыл 6 ай, ал Тропин мен Бессарабов - 6 жыл жалпы тәртіптегі қамау режімінде жазасын өтейді", - деп түсіндірді Бушмаков.

Свердлов облысы бойынша оқиға салдарынан 17 полицей жазаланған.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға 2019 жылы18 тамызда орын алды. Екатеринбургте тұратын қазақстандық студентті полиция қызметкерлері ұстап, хаттама ресімдеместен, тергеу нұсқауы бойынша, күшпен автокөлікке отырғызған. Содан кейін көлік тұрағына апарып кезекпен зорлаған.

E1.ru басылымының дерегінше, ұсталған үш күдікті де өз қылмысын мойындамаған. Тіпті, қызға ақша аударып, істі жылы жабуға тырысқан. Е1- ге берген сұхбатында студент Екатеринбургте оқып, жұмыс істеп жатқандықтан Қазақстанға қайтып оралуды жоспарламайтынын хабарлады.

Талқылау