Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде қаза тапқан Максим Арышевтың сүйіктісі оған арнап қоштасу хатын жазды

Санкт-Петербургетегі жарылыстан қаза болған Максим Арышевтің сүйіктісі Александра Рыбальченко оған арнап қоштасу хатын жазды.

BXka0Tk5HZU

Бүгін, 5 сәуір күні, достары мен курстастары Максиммен қоштасуға келеді.

“Сен ең мейіріміді, адамгершілігі мол, ақкөңіл және ең керемет адамсын. Сен жақындарың мен достарыңның, сені танитын барлық жанның жүрегінде мәңгіге қаласың. Сен мәңгі менің жүрегімдесің. Сен  ең сүйікті жансың”, – деп жазады Александра Рыбальченко желідегі парақшасында.

Бойжеткен жазбамен бірге Максиммен бірге түскен суретін жариялады. көпшіліктің топшылауынша олар 2015 жылдан бастап көңіл қосқан болуы керек. Ең алғашқы суреті желіде 2015 жылдың 22 желтоқсанында жарияланған.

Бұған дейін 22 жастағы қазақстандықтың терактіні ұйымдастырған болуы мүмкін делінген ақпарат шыққан еді.

Еске салсақ, 3 сәуір күні 14:30 шамасында Санкт-Петербургтегі “Сенная площадь” және “Технологический институт-2” бекеттерінің аралығында жарылыс болды.  “Терррорлық акт” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кейіннен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Максимнің терактіге қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

 

Талқылау