Ресейде бірінші курс студенттері танысу кешінде тыржалаңаш болып шешінген
Кемеров университеті халықаралық қатынастар және тарих факультетінің деканы Константин Юматов жаңа оқу жылының басында жұмыстан қуылды.
Фото: belrynok.ru, svopi.ru
Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Тарих факультетіне оқуға түскен бірінші курс студенттері студенттерді қабылдау кешінде тыр жалаңаш шешінген деген ақпарат пайда болған. БАҚ-тың мәліметінше, студенттер арасында шешіну сайысын жоғары курстар ұйымдастырыпты.
Кештің суреттері желіде пайда болған соң ол тіптен қызу талқылауға арқау болды. 6 қыркүйек күні декан Юматовпен бірге оның орынбасарлары Алексей Адаменко мен Роман Селезневтің отставкаға өтініш бергені белгілі болды.
Университеттің ресми өкілінің айтуынша қызметтік тексеріс 9-шы қыркүйекке дейін жалғасады.
Талқылау