Басты жаңалықтар
Ресейде ер адам екі жасөспірімнің үстіне жанармай құйып өртеп жіберген
Ресейдің Курганску облысында ер адам екі жасөспірімнің үстіне жанармай құйып өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
РИА Новости басылымының мәліметінше жарақат алған жасөспірімдердің бірі көз жұмған, екінші ауруханада.
"Лебяжьевск округінде тұратын екі жасөспірім Курганск облыстық ауруханасына жеткізілді. Балалардың бірінің денесі 95%-ға күйіп қалған. Оны санитарлық авиация арқылы облыс орталығына жеткізгенімен, аман алып қалу мүмкін болмады", - делінген облыстық денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.
Екінші жасөспірімнің денесінің 14%-ын күйік шалған. Қазір ол облыстық ауруханада ем алып жатыр.
БАҚ мәліметінше, 22 жастағы ер адам мәдениет үйінің жанында жүрген балаларға келіп, жанармай шашқан. Кейін оттықпен жағып жіберген. Қазір күдікті анықталыпты.
Талқылау

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған

"Үреймен көз іліп, қорқынышпен оянады": Ливан мен Сирияда бітімгер болған қазақ қызы жанкешті оқиғасын бөлісті
Ардақ әскери салада қызмет етемін деген қыз-келіншектерге өз армандарынан бас тартпай, бір орында тоқтап қалмау керек екенін айтады