Ресейде аюды балаша асырап отырған отбасы бар (фото)
Салмағы 136 келі тартатын алып аюмен бірге отырып дастархан басынан дәм татуға қалай қарар едіңіз? Бір қарағанда бұл күлкілі әрі мүмкін емес көрінеді. Бірақ, дәл осылайша аюмен бірге тұрып жатқан отбасы Ресейде бар екен.
Бір қарағанда Светлана мен Юрий әдеттегі отбасылар секілді өмір сүріп жатыр. Бірақ, өзгелерден бір ерекшелігі сол – олар Степан есімді 23 жастағы аюды үш айлығынан бері асырап келеді.
Степанның қазір осы әйленің бір мүшесі сияқты болып кеткені соншалық, ол күнде кешке ерлі-зайыпты екеудің жанында отырып, олармен бірге диванда телевизор қарайды.
Аю күндіз есіктің алдындағы бақшада жұмыс жасайды. Ол көбіне-көп өсімдіктерді суарумен айналысады.
Тәттіні жақсы көретін аю қалбырдағы ұйытылған тәтті қоймалжыңға құмар. Сондай-ақ түскі асқа 25 кг балықты, көкөніс пен жұмыртқа жеп тұрады.
Пантелеевтердің айтуларына қарағанда, олардың «балапандары» футболдың нағыз фанаты көрінеді. Ол телевизордан футбол көргенді қатты ұнатады.
Осы кезге дейін аю оларды бір рет те тістеп көрмепті. Мұның орнына ол бұларды құшақтағанды жақсы көреді.