Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде әскери тікұшақ құлап, төрт адам қаза болды (видео)

Ресейде әскери тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тікұшақ

Оқиға Чукоткада бүгін, 26 мамырда орын алды. Ми-8 тікұшағының құлаған сәті видеоға түсіп қалған. Бейнежазбада әскери борттың әуеге көтеріліп барып, артынша айналып, жерге құлағаны байқалады. 

Тікұшақта болған 4 адамдық экипаж мүшелері аман қалмаған. 

Алдын ала болжам бойынша, апаттың себебі - тікұшақта техникалық ақаулардың болуы. 

Қазіргі таңда аталмыш оқиға бойынша тексеріліс басталып, қылмыстық іс қозғалған. 

STAN.KZ
Сейсенбі, 26 Мамыр, 2020 13:54
Талқылау