Ресейде 36 жастағы келіншек лидокаин екпесінен кейін көз жұмды
Мәскеуде тұратын инженер Юлия ауруды басатын қарапайым екпе алғаннан кейін қайтыс болды. Арқасы ауырған әйел, “Веромед” деп аталатын жеке жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Оған дәрігерлер лидокин екпесін салғаннан кейін, әйелдің талмасы ұстап дірілдей бастаған.
Бұл туралы life.ru хабарлайды.
“Емделушінің ұстамасы сағатқа жуық уақытқа созылды. Сосын дәрігерлер жансақтау бөліміне жеткізу туралы шешім қабылдаған. Алайда ақ халаттылар қызды құтқарып қала алмады”, – дейді сенімді дерек көзі.
Алдын-ала деректер бойынша, әйелде лидокаинге қарсы аллергиялық реакция пайда болған. Бұған дейін оның бойынан остеохондроз байқалған екен. Әйелдің туыстарының айтуынша, көмекке келген дәрігерлер оның екпеге аллергиясы бар-жоғын мүлде сұрамаған.
Сонымен қатар, туыстарының сөзінше соңғы төрт жылда жұмыс барысында әйел денсаулығына қатысты ешқашан сұранған емес екен. Арқасының ауырғанынан басқа, денсаулығына еш шағым білдірмеген.
Оқи отырыңыз:
Ғалымдар секстің не үшін керегін түсіндірді
14 жыл бойы қояншық дертімен ауырған қыз аурудан қалай айыққанын айтты
Емдеудің жаңа әдісі бүлдіршінге обыр дертінен айығып шығуға көмектесті (фото)
Жасыңызға байланысты құрсақ көтеру мүмкіндігіңізді тексеріп көріңіз