Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей тағы да Украинаға ракетамен жаппай шабуыл жасады: Зардап шеккендер мен қаза тапқандар бар

2 қаңтар түнде және таңертең Ресей Украина аумағын ракетамен жаппай атқылады. Негізгі шабуыл Харьков пен Киев қаласына жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап хабарлайды.

Украина ракета

Киев билігінің алдын ала мәліметі бойынша, қаладағы тұрғын үйге түскен ракетадан бір адам қаза тауып, 27 адам зардап шеккен. Жараланғандардың көбі ауруханаға түскен. Шабуылдан Киевте жарық пен су жеткізу жұмыстарында ақау болған.

Украина астанасының мэрі Виталий Кличко ракеталар азаматтық инфраструктура мекемелеріне түскенін, газ құбырлары бүлінгенін айтты.



Ал Харьковта бірнеше көпқабатты үйге ракета түскен. Бір адам қаза тауып, 40-тан аса адам жараланған. Алдын ала дерек бойынша, Ресей "Кинжал" ракеталарымен шабуылдаған.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл шабуылға қатысты ештеңе айтпады. Мәскеу мұндай шабуылдар тек Украинаның әскери объектілеріне жасалады дейді.

Айта кетейік, 29 желтоқсанда Ресей Украина аумағына ракетамен шабуылдан 30 адам қаза тауып, 160 адам жараланған. Ал 30 желтоқсанда Украина Ресейдің Белгород қаласын атып, 24 адам қаза болды, 100-ден аса адам жараланған.

Талқылау