AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Украина әуе күштері мен шабуылға қарсы қорғаныс жүйесі толығымен дерлік жойылғанын мәлімдеді

Ресей Украинаның әуе күштері мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі толығымен дерлік жойылғаны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының бас жедел басқармасының бастығы Сергей Рудской хабарлады.

Ол сондай-ақ Украинаның "Әскери-теңіз күштерінің" жойылғанын атап өтті.

Генералдың айтуынша, Украинаны демилитаризациялау әскери инфрақұрылым нысандарына, құрамалар мен әскери бөлімдердің орналасқан жерлеріне, аэродромдарға, командалық пункттерге, қару-жарақ пен әскери техниканың арсеналдары мен қоймаларына жоғары дәлдікпен соққы беру, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың әрекеті арқылы жүзеге асырылады. 

"Өкінішке орай, бірқатар жауынгерлеріміз зардап шекті, бүгінгі күні 1351 әскери қызметкер қаза тауып, 3825-і жарақат алды", - деді ол.

Украинаның жауынгерлік әлеуеті айтарлықтай төмендеді, деп атап өтті Рудской.

Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, украин әскерлерін зымыран мен оқ-дәрілермен, жанар-жағармаймен және азық-түлікпен қамтамасыз ету толығымен дерлік тоқтатылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр