Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан қазақтар соғысқа жіберілді ме – СІМ ресми өкілі жауап берді

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық бірде-бір азамат Украинадағы соғысқа жіберілмегенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: m.ok.ru

Желіде Ресей түрмелерінде жатқан немесе тергеуде жүрген Қазақстан азаматтарын Украинаға соғысқа жіберіп жатыр деген ақпарат пайда болған еді. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

"Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан немесе тергеуде жүрген бірде-бір қазақстандық соғыс қимылдарына қатысқан жоқ. Кепілдік бере аламын", – деді Смадияров.


  • Қазақ десантшы Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін Ресей батыры атанды

Алайда Сыртқы істер министрлігі қателесіп соғысқа баруды жоспарлаған қазақстандықтар бар екенін атап өтті. Олардың саны 10 шақты, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр дейді. 

"Қазақстанның 10-ға жуық азаматы тексеріліп жатқаны туралы фактілер бар. Бірақ біздегі мәліметтер бойынша, олар Telegram арналары мен әлеуметтік желілері арқылы жұмыс тауыпты. Біз олармен бірнеше рет байланысқа шықтық, консул олармен бірнеше рет кездесіп, заңдылықты қадағалап жатыр. Оларға консулдық және заңгерлер көмек көрсетеді", – деді ресми өкіл.

Смадияров қазақстандықтарға әлеуметтік желілерде жарияланған бос жұмыс орындары туралы ақпаратты тексеруді ескертті. 

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Розыбакиев көшесінде орналасқан “Mega” сауда орталығында жастарды Украинадағы соғысқа шақыратын жарнамалар пайда болғаны туралы жазған едік. 

Талқылау