Қазақстандық рэпер Ганвестке Ресейде ірі көлемде айыппұл салынды

Фото: Ганвесттің парақшасы
Мәскеудің Таган аудандық соты танымал рэп орындаушысы, Ганвест сахналық атымен танымал Руслан Гоминовқа қатысты әкімшілік іс бойынша шешім шығарды. Музыкантқа 95 000 рубль не 576 мың теңге айыппұл төлеу міндеттелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот рэпердің әнін заңсыз деп тапты. Ол "адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық қауіпсіздікті қорлайтын" контентті таратқаны және басқаларға ашық құрметсіздік көрсеткені үшін кінәлі деп танылды.
Үкім Ресей Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 20.1-бабының III бөлігі бойынша шықты.
Бұған дейін де рэперге тыйым салынған заттарды насихаттағаны үшін іс қозғалған.
Екінші әкімшілік құқықбұзушылық бойынша хаттама әлі жасалған жоқ. Құқық қорғау органдары атақты музыканттың қызметін тергеуді жалғастырып жатыр.
Еске салсақ, Ресейде қазақстандық рэпер Ганвестке қатысты іс қозғалған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен