Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Солтүстік Кореядан қару-жарақ алу үшін азық-түлікпен алмасуды ұсынып отыр

Ресей билігі өз әскерін қажетті қару-жарақпен қамту мақсатында Солтүстік Кореяға ұсыныс жасауда. Яғни, бұл келісім үшін Мәскеу азық-түлік қорымен алмасуды ұсынып отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: bbc.com

Вbc агенттігі мұндай деректі АҚШ өкілі Джон Кирби хабарлағанын жазуда. Яғни, Солтүстік Кореяға бүгінде азық-түлік қоры жетіспейді. Осы мәселенің орнын толтыру үшін Ресей тарапы ұсыныс тастаған. Әрі сол қорды қару-жараққа алмастырмақшы. 

"Біз Ресейдің Солтүстік Кореяға делегация жіберуге ниетті екенін білеміз және оған оқ-дәрілердің орнына азық-түлік ұсынатыны да назарымызда", - деді ол.

Десе де Пентагон бұл екіжақты келісім БҰҰ-дағы қауіпсіздік мәселесіне қайшы екеніне тоқталуда. АҚШ бұған дейін де Солтүстік Кореяны қару тасымалы үшін айыптаған. Бірақ Пхеньян түпкілікті мойындаудан бас тартты. 

Қазіргі уақытта АҚШ билігі бұл келісімді қатаң бақылауға алды. Тіпті бұған дейін осы іске түрткі болды деген күдікпен Словакия азаматы Ашот Мкртычевті қара тізімге енгізді.

Талқылау