Ресей, Швейцария, Малайзия: Полиция еліміздегі бомба туралы ақпараттардың кейбірі шетелдерден түскенін айтты
Қазақстанда 2022 жылдың басынан бері қоғамдық орындарға бомба қойылды деген ақпараттың барлығы жалған болып шыққан. Жалған өндіру фактілері бойынша Қазақстан шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу ұйғарымдарын жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2022 жылы полиция 140 рет бомба туралы хабар түскен аймақтарға барған. Террорлық акт туралы жалған хабарлама бойынша 101 қылмыстық іс қозғалған, бұл былтырғы жылға қарағанда 68%-ға көп.
Қылмыс құрамының жоқтығынан 12 іс бойынша ғана іс қысқартылған. Жыл басынан бері 11 адам "бомба қою" ісі бойынша сотталып, алты адам бас бостандығынан айырылған.
- "5 жылға дейін сотталуы мүмкін": БҚО-да мектеп оқушысы бомба қойылғаны туралы жалған ақпарат таратты деген күдікке ілінді
- "Мемлекет басшысының тапсырмасы": Алматы әкімі қаладағы бомбадан қорғанатын орындарды қалпына келтіретінін айтты
Кейбір жағдайларда қылмыскерлер шет елдерде болып шыққан, дейді полиция.
Шетелдік әріптестерден түскен ақпарат бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Ресей, Швейцария, Малайзия және Украинаның құқық қорғау органдарына халықаралық тергеу тапсырмаларын бастады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн