Путин Трамппен кездесу алдында Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда
Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевқа хабарласып, екі елдің одақтастығы мен ынтымақтастығын дамытудағы мәселелер туралы әңгімелесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Екі елдің басшылары әңгіме барысында бірлескен экономикалық жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері талқылады.
Сондай-ақ Ресей президенті Тоқаевақа таяуда Мәскеуде АҚШ президентінің арнаулы өкілімен болған әңгіменің негізгі нәтижелері жөнінде мәлімет берді. Алдағы жоғары деңгейде өтетін екіжақты форматтағы, сондай-ақ халықаралық іс-шаралар аясындағы кездесулер кестесі қарастырылды.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткофф Мәскеуде Путинмен Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізгені туралы жазған едік. Путинл екеуара өткені келіссөздің нәтижесі “жағымды не жағымсыз мәлімдемелермен аяқталуы мүмкін” екенін айтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген