Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей премьер-министрі Қазақстанды бірыңғай "COVID-19-сыз саяхатта" жүйесіне қосылуға шақырды

Ресейді премьер-министрі Михаил Мишустин Digital Almaty форумында Қазақстанды бірыңғай платформа қосылуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Мишустин

Форум маңыздылығын тілге тиек еткен РФ үкімет басшысы "COVID-19-сыз саяхатта" платформасы мәселенің шешімі бола алатынын айтты. 

"Цифрлық шешімдер қоғаммен байланыстың бір бөлігіне айналып отыр. Коронавирус барлық мемлекеттердің үкіметі үшін қиынға түсті. Пандемияның басынан-ақ цифрлық технология бізге көп мүмкіндік бергені жасырын емес. Нәтижесінде бірқатар жаңа жүйелер құрылды. Біз Қазақстан президентінің бастамасын қолдаймыз. Себебі цифрландыру өте маңызды жұмыс болып есептеледі. Пандемия тек қана қауіп қатерлерді көтеріп қоймай, стратегиялық мақсаттарды қолға алуға ықпал етті. Бұл жағдайлар экономиканы, ортақ цифрлық технологияны дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Оған қоса, бірлескен жаһандық жүйені қалыптастыруға, ерекше сервистерді енгізуге, еңбек нарығын дамытуға, инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беріп отыр", - деді Мишустин. 

Айтуынша, ортақ платформа құрылмаса, елдер арасындағы кеден постарын қою қажеттілігі туындайды. 

"Бұл платформалар барлық кедергілерді жоюға, біріңғай еңбек, тауар, қызмет нарығын құруға мүмкіндік береді. Осылайша бірлесіп, біз экономикамызды дамытуға мүмкіндік алатын боламыз. Бірінші ақпаннан бастап, "COVID-19-сыз саяхатта" шығу бірқатар елдерде атап айтсақ, Ресей, Армения және Беларусьте пайдаланылмақ. Оны ұялы телефоныңызға ұялы қосымшаны жүктеп алып, ПТР нәтижелерін көрсетуге болады. Азаматтар Ресейге осы қосымша көмегімен келе алады деп ойлаймын. QR код адамдарға пандемия жағдайында емін-еркін саяхаттауға мүмкіндік береді.  Оған қоса, ең жақын тест тапсыруға болатын орындарды көрсететен болады. Осылайша цифрлық технологиялар біздің жағдайымызды жақсартады", - дейді Ресей премьер-министрі. 

Еске салайық, бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Almaty форумының ашылу салтанатында сөз сөйлегені айтылған еді. Мемлекет басшысынан бөлек, жиында еліміздің үкімет басшысы Асқар Мамин елімізде 5G желісі қашан іске қосылатынын айтқан болатын. 

STAN.KZ
Жұма, 05 Ақпан, 2021 10:10
Талқылау