Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей парламенті ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімді ратификациялаудан бас тартты

Ресейдің Мемлекеттік Думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шартының ратификациялануының күшін жою туралы заң қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: duma.gov.ru

Жаңа нормативтік құқықтық актіге сәйкес, "Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификациялау туралы" федералдық заң енді "Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты туралы" деп аталады.

Ресей келісімге 1996 жылы қол қойып, 2000 жылы құжатты ратификациялаған. Осы уақытқа дейін бұл шартқа 187 мемлекет қол қойып, 178 мемлекет ратификациялаған, бірақ құжат әлі күшіне енген жоқ.

Әлемде ядролық әлеуеті бар 44 мемлекет бар. Олардың кейбіреулері, соның ішінде АҚШ, Қытай және Израиль келісімді әлі күнге ратификацияламаған. Кейбір ядролық елдер, соның ішінде Үндістан, Пәкістан және Солтүстік Корея келісімге мүлде қол қоймаған.

Талқылау