Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей Палестина-Израиль қақтығысын реттеуде делдал болуға дайын – Путин

Владимир Путин  Бішкекте өтіп жатқан ТМД саммитінде Ресей Палестина мен Израиль арасындағы шиеленісті реттеуде делдал бола алатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Ресей барлық сындарлы серіктестермен шиеленісті реттеуге дайын екенін атап өткім келеді. Біз Палестина-Израиль қақтығысын келіссөздер арқылы шешуден басқа балама жоқ деп ойлаймыз", - деді ол.

Оның сөзінше, бейбіт тұрғындардың қазақ болуына жол берілмеуі тиіс.

“Қазір ең бастысы қантөгісті тоқтату. Қақтығысты бейбіт жолмен шешуге ұмтылу керек”, – деді ол. 

Сонымен қатар РФ президенті Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуін АҚШ-тың сәтсіз саясатының салдары деп санайтынын айтты. 



Айта кетсек, соңғы деректер бойынша Газа секторында қаза тапқандар саны 1354-ке дейін өсіп, 6 049 палестиналық жарақат алды. Израиль тарапында 1,3 мың адам қаза тауып, 3,3 мыңға жуық адам жарақат алды. Сондай-ақ Израильдің 220 сарбазы қаза тапқаны белгілі болды.

Еске салсақ, 10 қазан 23:50-де Air Astana рейсі арқылы Израильден эвакуацияланған 124 қазақстандық және 42 шетелдік азамат Алматыға қонғанын хабарлаған болатынбыз. 

Талқылау